2021 жылдың 31 мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ 2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының ІІІ кезеңі өткізілді. Үміткерлердің музыкаға дарынды балаларға арналған мектепте оқу үшін психологиялық дайындылығына тестілеу жүргізілді: Жеке тұлғалық дайындығы – мотивациялық саласының, эмоциялық тұрақтылығының дамуы, Зияткерлік дайындығы – жалпы ой-өрісі, сөздік қоры, ауызекі сөйлеу тілі, Әлеуметтік психологиялық дайындығы – баланың басқа балалармен қолайлы өзара қарым-қатынас орнатуға икемі, бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық нормаларын сақтауға икемі). Тестілеу бейнекамераға жазылып отырды.
ІІІ турға 47 бала қатысып, барлығы мектепте оқуға дайындығын көрсетті.
Байқаудың І, ІІ, ІІІ турларының қорытындысы бойынша қабылдау комиссиясы барлық 47 үміткерді 1-сыныпқа қабылдау үшін конкурстық іріктеуге жіберді. Конкурстық іріктеу отырысы 2 маусым айында өткізіледі. Үміткерлердің тізімі мектеп сайтына орналастырылады: baiseitovaschool.kz.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.
Сонымен қатар, бүгін мектепте 9 сынып оқушылары мамандықтары бойынша емтихан тапсырып, жоғары нәтиже көрсетті. Халық аспаптар бөлімімің 12-сынып оқушылары мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан қорытындысы комиссия отырысында талқыланып, тиісті бағалары қойылды.
http://baiseitovaschool.kz/kz/zhanaly-tar/411-2021-2022-o-u-zhylyna-1-shi-synyp-a-o-ushylardy-abyldau-konkursyny-iii-keze-i-tkizildi.html#sigFreeIda392cb30be