Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ Республикамызда және одан тыс жерлерде кеңінен танымал музыкалық оқу орны болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ Кеңес Одағы Министрлер кеңесінің 1948 жылы 22 қыркүйектегі № 2708 Жарлығы және Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің 1948 жылғы 22 қыркүйектегі № 857 Қаулысымен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы 19 сәуірдегі № 604 Қаулысына сәйкес мектеп «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» мемлекеттік мекемесі мәртебесін алды.
1957 жылы «Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының әншісі «Қазақтың бұлбұлы» атанған Күләш Байсейітованың есімін мәңгі есте сақтау» туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 559 қаулысына сәйкес мектепке Күләш Байсейітованың есімі берілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі - әлемдік стандарттың барлық талаптарына сай келетін жаңа оқу орны. Бүкіл әлемде мойындалған, жастарды Отандық білім беру мен тәрбиелеудің үздік дәстүрлері әлемдік білім беру үдерісінің заманауи жетістіктерімен біріктірілген.
Мектепте 480 оқушы білім алуда. Заманауи материалдық-техникалық база әлемдік білім кеңістігінің талаптарына сәйкес келеді. Мектепте алдыңғы қатарлы компьютерлік техникамен, интерактивті тақтамен жабдықталған бөлмелер бар, олар Қазақстанның білім беру мекемелері мен әлемнің басқа да елдерімен шығармашылық байланыстар орнату арқылы интерактивті режимде сабақтар өткізугеге мүмкіндік береді. Соның ішінде үш кабинет музыка теориясы және музыка тарихы пәндері бойынша сабақтар өткізуге арналған. Қазақстанда тұңғыш рет инновациялық компьютерлік технологияларды гармония, сольфеджио, музыка әдебиеті сияқты пәндерді зерттеуде қолданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.09.1996 жылғы қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы 24.05.1996 жылғы №3002» «Дарынды балаларға арналған мектептердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсету» аясында «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарындығы талантты балаларға жан-жақты білім беру және тәрбиелеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға, олардың одан әрі кәсіби даярлықтарын әлемнің үздік жоғары оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік беру, қамтамасыз ету. Осы мақсатта, мектепте басқа қаладан келген балаларға арналған 110 орынды қамтамасыз ететін интернат бар. Интернатта тұратын және сабақ орындайтын бөлмелер заманауи талаптар мен санитарлық нормаларға сай жоғары эстетикалық деңгейде безендірілген. Арнайы және жалпы білім беру пәндері бойынша өздігінен оқуға арналған бөлмелерде керемет тұрмыс жағдайлары жасалған. Интернатта оқушыларға толыққанды тамақтану, демалу, медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Мектептегі музыка пәндері бойынша білім беру диапазоны әртүрлі болып келеді және оқушылардың музыкалық білім берудегі қазіргі кездегі барлық кәсіби-әдістемелік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Мектептегі білім келесі арнайы мамандықтар бойынша жүргізіледі: арнайы фортепиано, ішекті аспаптар, үрмелі және ұрмалы аспаптар, халық аспаптары, музыка теориясы және композициясы, хорды дирижирлеу.
Мектепте оқушылардың кәсіби дағдыларын, орындаушылық және сахналық шеберліктерін дамыту үшін шығармашыл ұжымдар: симфониялық, камералық, халық аспаптар, үрмелі, эстрада-симфониялық оркестр, хор, скрипкашылар, домбырашылар, виолончелистер, қобызшылар және қыл қобызшылар ансамблдері т.б. ұйымдастырылған.
Өте жас кезінен бастап дарынды балалар осы бірегей музыкалық шығармашылық ұжымдарда өздерінің кәсіби қабілеттерін оркестрлік музыканттар ретінде көрсете алады. Барлық бөлімдерде шығармашылық және кәсіби құрамы бойынша оқытушылардың бірегей ұйымшыл ұжымы қызмет етеді, олардың ортасында Қазақстан Республикасынын Халық әртістері, Қазақстан Республикасынын Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының профессорлары мен доценттері, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, ҚР Білім және Мәдениет саласының үздіктері. Ұжымда көп жылдан бері көпшілікке белгілі, музыкалық қоғамдастық мойындаған «Байсейітова мектебінің» дәстүрі және оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігі қалыптасқан. Оқытушылардың 80% - мектептің түлектері.
Мектептің материалды-техникалық базасы
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ материалды-техникалық базасы дарынды балаларға кәсіби музыкалық білім беруде әлемдік ең заманауи талаптарға сай қамтамасыз етілген.
• Оқу ғимаратының 1 қабатында жалпы білім беру бөлімінің кабинеттері орналасқан;
• Мамандық бойынша сабаққа арналған кабинеттер ІІ және ІІІ қабаттарда орналасқан;
• Бірінші қабат музыка теориясы пәндері, ритмика класы, АӘД сабақтарын өткізу үшін жабдықталған;
• жабдықталған спорт залы, теннис корты, кіші және үлкен концерт залдары бар;
• мектеп ішінде 110 орынға арналған интернат бар;
• барлық қабаттарда бейнекамералар орнатылған;
• Сынып бөлмелері мен кабинеттер бір түрде безендірілген.
Жеке сабақтарды өткізуге арналған кабинеттер оқытудың техникалық құралдарымен, музыкалық аспаптармен, қажетті жиһаздармен жабдықталған. Компьютермен жабдықталған кабинеттер, соның ішінде желіге қосылған 4 мультимедиялық кабинеттер бар.
Мультимедиалық жабдықтар онлайн режимдегі сабақтарға қатысып, республикалық деңгейде ашық сабақтар, кездесулер, әдістемелік семинарлар өткізуге, Қазақстанның білім беру мекемелері мен әлемнің басқа да елдерімен шығармашылық байланыстар орнату арқылы интерактивті режимде сабақтар өткізугеге мүмкіндік береді. Соның ішінде үш кабинет музыка теориясы және музыка тарихы пәндері бойынша сабақтар өткізуге арналған. Қазақстанда тұңғыш рет инновациялық компьютерлік технологияларды гармония, сольфеджио, музыка әдебиеті сияқты пәндерін зерттеуде қолданады.
Электрондық тақтамен жабдықталған интерактивті мультимедиялық кабинет жалпы білім беру бөлімінде орналасқан. Пән мұғалімдері электронды оқулықтарды қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, математика және басқа пәндер бойынша пайдаланады.
Негізгі музыка сабақтарына арналған сыныптар музыкалық аспаптармен жабдықталған, олар жас музыканттардың кәсіби дайындығы үшін жарамды. Арнайы фортепиано бөлімінің тәрбиеленушілеріне, арфа класына, ұрмалы аспаптар класына арналған рояльдық класстар қымбат фирмалық аспаптармен жабдықталған.
Мектепте барлық оқушыларды қажетті музыкалық аспаптармен (скрипка, үрмелі аспаптар, баян) қамтамасыз ететін музыка қоймасы бар.
195 орынға арналған үлкен концерт залы, 70 орынға арналған кіші зал бар.
Ағылшын тілінің кабинеті лингафон жүйесі және компьютерлермен жабдықталған.
Мектеп жанында 110 орынға арналған интернат бар. Интернатта ҚР Мәденит және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ-де оқитын Қазақстанның басқа қалаларынан, облыстарынан келген оқушыларына, оралман-балаларына жатып оқуға, тамақтануға қолайлы жағдайлар жасалған. Мектеп жанындағы интернатта 110 орынға арналған асхана бар. Интернат ас әзірлеуге арналған ас үймен, асханамен, медициналық бөлмемен, изолятормен, ем қабылдау кабинетімен, оқушылардың өздігімен дайындалуына арналған бөлмелермен, балалардың теледидар көріп, музыка тыңдауына жағдай жасалған демалыс бөлмелерімен қамтамасыз етілген.
* Мектеп жанындағы интернат
110 орынға арналған асхана
* Балаларға арналған бөлме
Мектепте кітапхана мен 24 адамға арналған оқу залы жұмыс істейді. Кітапхана музыкалық жазбаларды сақтауға мүмкіндік беретін көшіру техникасымен жабдықталған. Мектеп-интернатының кітапханасы республика бойынша музыкалық әдебиеттер қорының саны жағынан алдыңғы қатарда деп есептеледі.
Мектептің музыка кітапханасында Қазақстан мен әлемнің ең көрнекті әртістерінің орындауында классикалық музыка, опера, симфониялық музыка жазбалары бар. Техникамен жабықталған видеотека оқушыларға әлемдік опера өнерінің майталмандарын, аспаптық музыка шеберлерін және симфониялық жазбаларды, т.б. көруге мүмкіндік береді. Жалпы білім беру бөлімінің кітапхана қорында оқу-әдістемелік фильмдермен видеокассеталар, химия, физика, биология, Қазақстан тарихы, орыс тілінде зертханалық жұмыстар бар. Мектепте дене шынықтыру сабағына арналған жаттығу залы, сондай-ақ спорт секциялары үшін: үстел теннисі, баскетбол, мини-футбол бар. Мектептің АӘД өтетін аумағында теннис корты бар.
Мектеп мұғалімдері музыка ноталары, монографиялар, әдістемелік нұсқаулар, арнайы және музыка-теориялық тақырыптар бойынша бағдарламалар жариялады.
Мектептегі барлық жұмыстар мектеп басшылығымен бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылады, онда ұжымдық сабақтар, бөлім жұмысы, мектеп іс-шараларының уақыты мен мерзімі және интернаттың барлық бөлімшелерінің жұмысы көрсетіледі.
Мектепте оқушылардың кәсіби дағдыларын, орындаушылық және сахналық шеберліктерін дамыту үшін шығармашыл ұжымдар: симфониялық, камералық, халық аспаптар, үрмелі, эстрада-симфониялық оркестрлері, Биг Бенд, хор, скрипкашылар, виолончелистер, қобызшылар, домбырашылар, және «Асыл мұра» фольклорлық ансамбльдері ұйымдастырылған.
Осындай бірегей ұжымдарда ең кішкентай дарынды балалар музыкалық қабілеттерін көрсете алады.
5 сыныптан бастап оқушылар көне қазақ фольклоры аспаптары: саз сырнай, қыл-қобыз, жетіген, сыбызғыда ойнайды, сондай-ақ домбырамен бірге ән айтуды үйренеді.
Көптеген халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты болып табылатын «Биг Бенд» джаз оркестрі құрылды. Жетекшісі - танымал музыкант, джазмен Яков Хан Николаевич.