1957 жылы «Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының әншісі «Қазақтың бұлбұлы» атанған Күләш Байсейітованың есімін мәңгі есте сақтау» туралы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес мектепке әлемдік опера музыкасының ерекеше және қайталанбас даусы бар Күләш Байсейітованың есімі берілді, оның бірегей және қайталанбас даусы әлемнің опера музыкасының меншігі болып табылады.

 

 

Кеңес Одағының Халық әртісі, Меслекеттік сыйлықтың екідүркін лауреаты «Қазақтың бұлбылы» атанған Күләш Байсейітованына туылғанына 100 жыл толу мерейтойы қарсаңында 2011 жылдың 11 қыркүйек айында мектеп-интернат жанында осы кісінің ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің авторы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бинашев Тлеуберді.

 

 

 

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Күләш Байсейітованың ескерткішінің ашылуына келді.

 

 

Ескерткіштің ашылу салтанатында Күләш Байсейітованың қыздары - ҚР Халық әртісі Раушан Байсейітова, Қарлығаш Бәйсейітова, күйеу баласы - профессор Базарғали Әхиевич Жаманбаев, ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова және көптеген ҚР Мәдениет қайраткерлері болды.

 

 

Күләш Байсейітованың музейі

 

 

Күләш Байсейітованың суреттері


    Күләш Байсейітова — қазақ халқының бұлбұлы