Бүгін 2021-2022 оқу жылына бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден сүрінбей өткен музыкалық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсеткен 37 оқушы конкурстық комиссияның шешімі бойынша 1-ші сыныпқа қабылданды және 4 үміткер бос орын пайда болған жағдайда 1-сыныпқа қабылдануға кандидаттар ретінде ұсынылды.

 

Сағат 15.00-де мектептің үлкен залында мектеп директоры, директордың орынбасарлары, музыкалық бөлім меңгерушілері, интернат меңгерушісі, мектеп дәрігері және сынып жетекшілердің қатысуымен 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында директор Абдрашев Бахтияр Төлепбергенұлы ата-аналармен сұхбат жүргізіп, мектептің оқу тәртібімен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.

 

Мектепке қабылданған оқушыларымыз бен ата-аналарын құттықтаймыз!

 

Сонымен қатар, мектептің 9 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша математикадан емтихан тапсырды. Тапсырмаларды Ұлттық тестілеу орталығы әзірледі.

  •  

You Tube

Facebook

Instagram