Бөлім музыка өнерінің көрнекті қайраткерлерімен толтырылған, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Беляков А.В., Ахметов К.А., Жарасов Н.С., Туякбаев Д.Х., Темиргалиев Ж.Т., Бекентуров Ж.Б.; ҚР Мәдениет қайраткерлері: Шаяхметов Т.Ш., Ахметов Е.Т., Смакова З.Н, Бекентуров Ж.Б.

 

 

Бөлімде жоғары кәсіби шебер концертмейстерлер жұмыс істейді: Мантариди Ж.А., Назаралиева Н.Р., Горошевич И.М., Усенова Г.М., Назаренко А.Н., Зикеева Т.С., Клушкина Т.Ю. Мектепте, бірнеше онжылдықтар бойы көркемдік ұжымымдар  концерт беруде: Ахметова К.М. жетекшілігімен симфониялық оркестрі; Қ.Р.еңбек сіңірген қайраткері Беляков А.В. жетекшілігімен эстрада-симфониялық оркестрі; Иванов В.А. жетекшілігімен үрмелі аспаптар оркестрі; Ахметов Е.Т. жетекшілігімен камералық оркестрі; Хан.Я.Н. жетекшілігімен джаз оркестрі; ҚР еңбек сіңірген қызметкері Адилов Қ.Н. жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі; ҚР еңбек сіңірген қайраткері Теміргалиев Ж.Х.  жетекшілігімен фольклорлы-этнографиялық «Асыл мұра» ансамблі; Левушин О. В.жетекшілігімен Диксиленд. 


Мектептің көркемдік ұжымдары Алматы қаласының мәдени өміріне белсенді қатысады, сондай-ақ Астана қаласында мемлекеттік концерттерде өнер көрсетеді. Ұжымдар әртүрлі республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары атанды.


Оркестрлік дирижирлдеу бөлімі Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театры, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясымен тығыз қарым-қатынаста.


Жылдан жылға оркестрлік дирижирлеу бөлімі өз оқу репертуарын кеңейтіп, музыкалық педагогика мен әдіснаманың соңғы жетістіктерін қолданады. Техникалық оқу құралдардын кеңінен пайдаланады. Мемлекеттік емтихандарда бөлім түлектері мектептің оркестр ұжымдарымен дипломдық бағдарламаларын көрсетеді.


Оркестрлік дирижирлеу бөлімі оқу үдерісін тәртіп бойынша жүзеге асырады: дирижирлеу, ыңғайлау және аранжирлеу, партитураны оқу.


Бөлімде оқу бағдарламасы мен қазіргі стандарттарға сәйкес индивидуалдық және оркестрлік дайындықтардың барлық түрін қамтамасыз ететін оқу-өндірістік базасы бар.


Бөлімнің жарқын түлектері болып табылады: Астана қаласындағы мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері – Алан Бурибаев; Астана-Опера театрының бас дирижері – Айдар Турабаев; ҚР мемлекеттік симфониялық оркестрінің бас дирижері – Қанат Омаров; Филармониялық симфониялық оркестрінің дирижері – Берік Жайлаубаев; Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының бас дирижері – Ерболат Ахмедьяров; Астана-Балет театрының дирижері – Арман Уразгалиев; симфониялық оркестрінің дирижері – Тойболдиев Мадияр.


Оркестрлік дирижирлеу бөлімінде жыл сайын есептік концерттер өтеді.

 

Қазақтың халық аспаптар оркестрі

 

Эстрада-симфониялық оркестрі

 

Биг Бенд джаз оркестрі

 

Хор, қазақтың халық аспаптар оркестрі және скрипкашылар ансамблі

 

«Биг – Бенд»

 

Үрмелі аспаптар оркестрі

 

«Диксиленд»

You Tube

Facebook

Instagram