Бүгін  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» республикалық мемлекеттік мекемесінде   2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының І кезеңі өткізілді. Конкурстық іріктеу тәртібі, шарттары, мерзімі, тізімдер мен кестелер және басқа да мәліметтер «Мектепке оқушыларды қабылдау Қағидаларына» сәйкес мектеп сайтында орналастырылып отырды. Ата-аналар құжаттарын электронды форматта тапсырып, дер кезінде қажетті ақпараттарды алды.

Бүгінгі байқауда 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау комиссиясы 104 үміткерді тыңдады.  Мектеп-интернаттың жетекші педагогтарынан құралған комиссия және әртүрлі ұйымдардың тәуелсіз өкілдері бүлдіршіндердің музыкаға бейінділігін, табиғи музыкалық қабілеттерінің сәйкестігін көрді.  Байқау өткізу барысында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы  және  ҚР Композиторлар қауымдастығының төрағасы – Токсанбаев Артық Жарылқасымұлы үміткерлердің ата-аналарымен сұхбат жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.  Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және кері байланыс орнату мақсатында мектеп сайтында көрсетілген сенім телефондарына хабарласу мүмкіндігінің бар екендігін хабардар етті. Сондай-ақ,   сынақтар кезінде үміткерлердің тыңдалымдары бейнекамераға түсірілді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында  конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.

Байқаудың І турының қорытындысы комиссия отырысында талқыланып, 53 үміткер ІІ кезеңге жіберліді. Олардың тізімі мектеп сайтына орналастырылды: baiseitovaschool.kz.

ІІ турға сүрінбей өткен үміткерлер мен ата-аналарын құттықтаймыз!

    You Tube

    Facebook

    Instagram