2021 жылдың 28 мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылына 1-ші сыныпқа оқушыларды қабылдау конкурсының ІІ кезеңі өткізілді. II кезеңде үміткерлер табиғи музыкалық қабілеттерін көрсетті, бірақ одан да күрделі формада: 4 және одан да көп тактідегі үзінділерді орындау және қайталау, күрделі ырғақтық жаттығулар. Осы жолы да үміткерлердің конкурстық тыңдалымдары бейнекамераға жазылып отырды.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында конкурстық іріктеу кезінде барлық санитарлық талаптар орындалды.
Байқаудың ІІ турының қорытындысы комиссия отырысында талқыланып, 47 үміткер ІІІ кезеңге жіберілді. Олардың тізімі мектеп сайтына орналастырылды: baiseitovaschool.kz.
ІІІ турға сүрінбей өткен үміткерлер мен ата-аналарын құттықтаймыз!
1-ші сыныпқа түсуге үміткерлерді тыңдаумен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы және «Әлеуметтік навигатор» қоғамдық қорының Президенті, «Адалдық алаңы» серіктестігімен арнайы мониторингтік топтың өкілі» – Маненова К.М. 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауды өткізу барысымен танысты. Мемлекеттік емтихан жаңа мазмұндағы білім беру бойынша алғашқы рет оқыту тілінен эссе түрінде өткізілді. Тапсырмаларды Ұлттық тестілеу орталығы әзірледі.
http://baiseitovaschool.kz/kz/zhanaly-tar/405-2021-2022-o-u-zhylyna-1-shi-synyp-a-o-ushylardy-abyldau-konkursyny-ii-keze-i.html#sigFreeIddbbf1b4e0d