2020-2021 оқу жылының сабақ кестесі
Қашықтық форматында сабақтарды ұйымдастыру барысында келесі нормативтік-құқықтық құжаттар басшылыққа алынды:
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» (қосымша № 2);
• Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылы 14 тамыздағы № 47, 2020 жылы 15 тамыздағы № 48 қаулылары;
• Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты;
• Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қашықтықтан білім беру барысында оқушыларға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу тапсырмаларын оңтайландыруға арналған әдістемелік ұсыныстар;
• Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жалпы білім беретін пәндер бойынша теледидарлық сабақтарды дайындауға және таратуға арналған әдістемелік ұсыныстар;
• Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қашықтықтан оқыту кезеңіндегі бағалауды өзгерту туралы нұсқаулық.
Қашықтықтан оқытудың бейімделген кестесі оқушылардың компьютерде жұмыс жасауына қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес құрастырылды:
1) 1 сыныптар – 15 минуттан аспайды;
2) 2-3 сыныптарда – 20 минуттан аспайды;
3) 4-8 сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
4) 9-12 сыныптарда – 30 минуттан аспайды.