Жаналықтар

2019 жылдың 06 ақпан айында қазақтың ақиық ақыны, драматург Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепте «Үш бақытым» атты жоғары сынып оқушылары арасында әдеби-сазды кеш өткізілді. Бұл кештің мақсаты ақынның туындылары арқылы оқушыларды әсемдікке, ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып поэзия әлемінің сырын ашу. Кеш барысында оқушылар өз туындыларын оқып, шығармашылықтарын, өнерлерін ортаға салды.

Арнайы фортепиано бөлімінің педагогы, Қазақстан Республикаының Мәдениет үздігі – Каражигитова Шолпан Наримановна Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай біртуар жетістері мен оқушыларды тәрбиелеудегі ерекше жетістіктері үшін «Құрмет» Орденімен марапатталды. 

2018 жылдың 14 желтоқсан айында мектептің үлкен залында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өткізілді. Концертте мектептің Биг-Бенд джаз оркестрі өнер көрсетті. Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Молдыбаева Шолпан Борибаевна Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері мен тарих шежіресі туралы баяндамасымен ортада сөз сөйледі.

Мектепте жалпы білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, тарих және қоғамтану пәндерінің әдістемелік бірлестіктерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында мұғалімдердің жалпы отырысы өткізілді.

Мектепте «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында музыка бөлімдерінің меңгерушілері мен педагог-музыканттар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Абдуллаев Оңдасын Абдуллаұлының қатысуымен 2018 жылдың 06 желтоқсан айында сағат 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Елбасы жолдауын түсіндіру бойынша және 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру баспасөз маслихаты өткізілді.

Мектепте 2018 жылы 9 қазан күні мектепте шығармашылық интеллигенция өкілдерімен ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп-интернатта қызмет ететін мәдениет саласының қайраткерлері, білікті қызметкерлер, үздік педагог-музыканттар, музыка бөлімдерінің меңгерушілері қатысты: ҚР Еңбек сіңірген қызметкері – Даукеева М.К., ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Абильхаирова Т.А., ҚР білім беру ісінің үздігі – Ишкаева Д.Х., ҚР Мәдениет қайраткері – Попова Л.В. және т.б.

You Tube

Facebook

Instagram