2021 жылдың 8-ші қаңтар айында мекемемізде  мектеп ұжымымен  педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртәбінде:

Ø Оқушылардың І-жартыжылдықтағы оқу үлгерімі қорытындысы бойынша;

Ø мектебіміздің «Адалдық алаңы»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің жұмыстары жайлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар өзекті мәселелер, сондай-ақ оқу-тәрбие жұмысының алдағы жоспарлары және де көптеген өзекті мәселелер талқыланды.

Бахтияр Төлепбергенұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының атынан  ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында, жас ұрпақтың адамгершілік және рухани-мәдени дамуына бағытталған «Ұлағатты ұрпақ» мәдени білім беру жобасын жүзеге асыруға қосқан еңбектері үшін мектебіміздің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Сванқұлова З.Қ. және музыка теориясы, тарихы және композициясы бөлімінің педагогы Бержапраков Д.Б. Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, «Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектерінің» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, полковник Е.Алданазаровтың атынан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «МЕРГЕН-2020» кіші калибрлік винтовкадан атудан қалалық мектеп оқушылары арасында өткізілген байқауда жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды және  АӘД ұйымдастырушы пәнінің мұғалімі Н.Т. Қорғанбековты құттықтап, дарынды балаларды тәрбиелеу жолында атқарып отырған қызметіне табыстар тіледі.