Жаңалықтар - "Күләш Байсейітова" атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
 
 

Жаналықтар

2020 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжанов Е.Л., ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Е.А., ҚР Білім министрі Аймағанбетов А.Қ., ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова А.Р., ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қамалиев Б. С. қатысуымен арнайы брифингте коронавирустан қорғау бойынша арнайы алдын алу шараларын іске асыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанда спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар мен т. б. өткізу тоқтатылды.

Бүгін мектебімізде Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы, ұлы ағартушысы, бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты әдеби музыкалық, драмалық және поэзиялық кеші өткізілді.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде міндетті фортепиано бөлімінің педагогтары мен орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Кошкарбаева А.Р. ұйымдастыруымен «Абай деп соққан жүректер» атты мектеп оқушылары арасында мерекелік іс-шара өткізілді.

2020 жылдың 08 ақпан айында мектебіміздің камералық ансамбль және квартет бөлімінің педагогтары мен оқушыларының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өткізілді.

2020 жылдың 03 ақпан айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» РММ-нің міндетті фортепиано бөлімінің ұйымдастыруымен «ТҚАБ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты қайырымдылық концерті өткізілді.