2021-2022 оқу жылына оқушыларды қосымша қабылдау - "Күләш Байсейітова" атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
 
 

2021-2022 оқу жылына оқушыларды қосымша қабылдау

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылында бос орындарға (барлығы 16 бос орын) оқушыларды келесі мамандықтар бойынша қосымша қабылдау жариялайды:

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптар;
  • хор дирижері;
  • музыка тарихы, теориясы және композиция.

Халық аспаптары мамандығы бойынша оқушылардың жетіспеушілігіне байланысты комиссия домбыра класы бойынша талапкерлерге бос орындарды көбірек бөлуге құқылы.

Сынып-комплекттерінің жинақталуына сәйкес бос орындарға қабылдау тек келесі сыныптарға ғана жүзеге асырылады:

  • 2 сынып – оқытылуы орыс және қазақ тілінде
  • 4 сынып – оқытылуы орыс және қазақ тілінде
  • 5 сынып – оқытылуы қазақ тілінде
  • 6 сынып – оқытылуы орыс және қазақ тілінде
  • 7 сынып – оқытылуы қазақ тілінде
  • 8 сынып – оқытылуы орыс тілінде
  • 9 сынып – оқытылуы орыс және қазақ тілінде
  • 10 сынып – оқытылуы орыс тілінде
  • 11 сынып – оқытылуы қазақ тілінде

Интернаттағы бос орындар саны: ұлдар – 6, қыздар – 1 орын.Мектеп жанындағы интернатқа жатқызу Интернаттың мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Конкурстық тыңдалуға ҚР балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, мамандандырылған музыкалық оқу орындарының оқушылары жіберіледі.

Бос орындарға түсу үшін конкурстық іріктеу мамандық бойынша үміткердің бағдарламасын (этюд, полифония, ірі форма, пьесалар және т.б.) қабылдау комиссиясының тыңдауы және оның теориялық білімі көлемінің, практикалық дағдыларының деңгейін және түсу сыныбын ескере отырып, сольфеджио, музыка теориясы мен гармония бойынша мектептің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтау (парақтан оқу, сольфеджио бойынша әуен, естуін талдау, гармония бойынша кезеңдер мен секвенцияларды ойнау) жолымен жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн немесе офлайн форматта мектеп-интернатқа жауапты тұлғаға келесі құжаттарды тапсырады:

  • баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
  • ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • үміткердің 3х4 көлеміндегі фотосуреті;
  • медициналық құжаттардың көшірлемелері: денсаулық паспорты, жеке медициналық карта (№ 26 н.), профилактикалық екпелер картасы (№ 63 н.);
  • үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған анықтама;
  • бар болса республикалық конкурстарға қатысқаны туралы дипломдардың көшірмелері қоса беріледі;
  • электрондық үкімет порталы (e-gov) арқылы алынған, түрғылықты жерін растайтын құжат: өтініш берген күні тіркелген тұрғылықты мекенжайы туралы скриншот (мектеп жанындағы интернатқа мұқтаждар үшін);
  • ағымдағы оқу жылындағы оқу үлгерімінің табелі (сканерленген);
  • өзіндік жоспар (музыка мектебінен сканерленген).

 

Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 14 қыркүйектен бастап 14 қазанды қоса алғанда электрондық форматта (сканерленген) пошталық мекенжайға жіберу арқылы жүзеге асырылады Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..тел:8 (727) 394-94-60

  1. PS. Мектепке оқушыларды қабылдау Қағидаларымен мектептің kz сайтында танысуға болады.

 

Үміткерлерді тыңдау

2021 жылы 16 қазанда сағат 10.00 де

Мектептің Үлкен концерт залында өтеді

 

                                                                   

Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына !!!

 

 

Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет:

 

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді конкурсқа әкелмеу;

 

  • үміткерді маскамен қамтамасыз ету (маскасыз бала тыңдалуға жіберілмейді);

 

  • үміткерді конкурстық турға кешіктірмей алып келу, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету керек.

 

 

Әкімшілік

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  № 1

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды 

балаларға арналған  РММОМИ»  РММ

 директоры    Абдрашев Б.Т. мырзаға

ата-анасынан/заңды өкілінен

 Т.А.Ж.__________________________________ 

Жеке куәлігінің №_________________________

Берілді (кім және қашан)______________________

________________________________________

________________________________________

Тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы

________________________________________

Нақты тұратын мекен-жайы 

________________________________________  

Телефон_________________________________ 

                                                                          

 

 

Өтініш

 

Менің баламды (аты-жөні толық)

 

__________________________________________________________________

 

Туған жылы_____________ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды   балаларға арналған  РММОМИ»   РММ оқу үшін конкурстық іріктеуге_____сыныпқа, ______________________________    

                                                                                                         (мамандық көрсету)

мамандығы бойынша қабылдауыңызды сұраймын.

Оқыту тілі:  қазақша/орысша

 Интернатта жататын орын _________________________________________

                                                                          (керек, керек емес)

 

 

Қолы ____________

 

Күні_____________