Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы республикалық телеарналардың эфирінен таратылған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын аса үлкен ықыласпен тыңдап, қолдады. 

Президент еліміздің алдыңғы кезеңіндегі әлеументтік-экономикалық  дамуының мақсаттарын белгілеп, барлық бағытта жан-жақты іс-шараларды жоспарлауды тапсырды.

Сонымен қатар, республикада денсаулық сақтау мәселелерін жақсартуға аса үлкен назар аударатынын алға тартып, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты пікірлерін білдірді. Оның ішінде халықты вакцинациялау, фармацевтика мәселесіне тоқталып өтті. Бұл әр қазақстандықты мазалайтын көкейкесті мәселелер, олардың шешілуі, әрине, сапалы өмірдің көрсеткіші болады деп сенім артамыз.

Білім беру саласының қызметкерлерін аса қуантатын жағдай – ол педагогтардың мәртебесін көтеруге арналған мемлекеттік тараптан жүргізіліп жатқан айтулы шаралар. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын тауып, келесі жылдары осы салаға 1,2 трл теңге жұмсалатыны туралы ашып айтты.  Осындай мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мектептер мен жоғары сатыдағы білім беру ұйымдарына сапалы кадрлар тағайындалып, өз кезегінде еліміздегі білім беру саласы әлемдік деңгейге қарай үлкен қадам басатыны анық. Ол үшін бағдарламаларды заман талаптарына сай бейіндеу мақсаты қойылды. Пандемия кезіндегі телекоммуникациялық жүйелердің нашар жұмысы қашықтықтан оқу үрдісіне кері әсерін тигізгенін айтып, алдыға үлкен талаптар айқындады. 

Жалпы айтқанда Президент Жолдауында орын алған барлық бағыттағы шаралар Қазақстан халқының жарқын болашағына жасаған жоспары деп білеміз.