Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз.

Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күнде мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушыларының орны ерекше. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам.
Сондай-ақ, мыңдаған оқушылар, ұстаздар мен педагогтар үшін бұл күн - жаңа бастамалардың, ізденістердің, идеялардың символы болып табылады.

Осынау жайма шуақ күнде мектепке ұмтылған әрбір жанға зор денсаулық, шығармашылық табыс және  жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

    You Tube

    Facebook

    Instagram