2021 жылдың 25 наурыз айында мектебімізде «2020-2021 оқу жылына бос орындарға  оқушыларды қосымша қабылдау» конкурсы өткізілді (барлығы 5 бос орын). Конкурстық іріктеу Бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бойынша әзірленген мектеп-интернатқа қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

 

Биыл 2020-2021 оқу жылына бос орындарға  оқушыларды қосымша қабылдау туралы хабарландыру мектеп сайтында  жарияланды. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың   3 ақпан айынан бастап 18 наурыз айын қоса алғанда электрондық форматта (сканерленген)  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.пошталық мекенжайға жіберу арқылы жүзеге асырылды. Конкурстық іріктеуге Нұр-Сұлтан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсай, Шымкент қалаларынан 14 үміткер құжаттарын өткізді.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ» республикалық мемлекеттік мекемесіне оқу түсу үшін үміткерлердің қажетті музыкалық қабілеттерін айқындау және анықтау ерекшелігіне байланысты конкурс офлайн режимінде өткізілді. Білім алушыларды қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстық тыңдаулар ZOOM платформасында онлайн трансляция арқылы жүзеге асырылды.

 

Короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық санитарлық талаптар  орындалды.

 

Мектеп тарапынан үміткерлерге, мұғалімдеріне және концертмейстерлерге дайындық үшін байқау алдында  жеке класстар беріліп, барлық жағдайлар жасалды.

 

Бос орындарға  оқушыларды қосымша қабылдау емтиханын өткізу үшін қабылдау комиссиясы құрылды. Оның құрамына мектеп-интернаттың жетекші педагогтары кіреді. Сонымен қатар, тыңдауға әр түрлі ұйымдардың тәуелсіз өкілдері қатысты: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Камзолдаев М.Б., қоғамдық ұйымдардың өкілдері Маненова К. М. – «Әлеуметтік навигатор» қоғамдық қорының Президенті, «Адалдық алаңы» серіктестігімен арнайы мониторингтік топтың өкілі», Токсанбаев А. Д. – ҚР Композиторлар қауымдастығының төрағасы.

 

Қабылдау комиссия отырысының шешімі бойынша конкурстық іріктеуден сәтті өткен  5 үміткер мектепке қабылданды.  Үміткерлердің тізімі мектеп сайтына орналастырылды: baiseitovaschool.kz.