Конкурстың мақсаты:

         Оқушылардың шығармашылық жұмыстары арқылы мектеп оқушыларының бойында шынайы патриоттық сезімі мен санасын, рухын қалыптастыру. Тәуелсіз мемлекеттің жетістіктерін насихаттап, оның болашағына деген сенімдерін арттыру. Музыкаға дарынды оқушылардың еркін шығармашылықтарын (шығармалар, эссе, өлең, сурет) дамыту; оқушылар арасында талантты, шығармашыл тұлғаларды анықтау.

 

Конкурстың міндеттері:

  • оқушыларға шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жасау, шығармашылық ізденуіне жағдай жасау, олардың түрлі өнерге қызығушылықтарын арттыру;
  • өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, тілі мен мәдениетін, тарихы мен асыл мұрасын білуге, оларды қастерлеуге үйрету;
  • патриоттық сезімдерін қалыптастыру, нығайту;
  • көркемсөз шеберлігін, жалпы және сахналық мәдениетін қалыптастыру.

 

Конкурсқа қатысушылар:

         Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының 1-12-сынып оқушылары қатысады. 

Конкурсты өткізу ережелері:

Конкурс 5 номинация бойынша өтеді. 

  1. «Ең үздік эссе»
  2. «Жас ақын»
  3. «Көркемсөз оқу»
  4. «Жас суретші»
  5. «Жас сазгер»

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бағыттар:

  1. «Ең үздік эссе» – 5-12 сынып оқушылары;
  2. «Жас ақын» – 5-12 сынып оқушылары;
  3. «Жас суретші» – 1-4 сынып оқушылары;
  4. «Көркемсөз оқу» – 1-12 сынып оқушылары;
  5. «Жас сазгер» – 5-12 сынып оқушылары.

 

«Жас ақын», «Жас суретші», «Жас сазгер» номинациялары бойынша  Конкурсқа жеке оқушының немесе бірлесіп жасаған топтық жұмыстар қабылданады. Барлық номинациялар бойынша бір  оқушыдан (топтан) 1 жұмыс қабылданады. Шығармашылық жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылуы мүмкін.

 

  1. Эссені бағалау критерийлері мен дескрипторлары:
  • Эссе құрылымы
  • Кіріспе: Тақырыптың негізгі мәні тезис түрінде көрсетіледі
  • Тақырыпты дамыту: Аргументтерді дәлелді мысалдармен түсіндіреді, азат жолдарды логикалық түрде байланыстырады,
  • Қорытынды: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау, дәлелдерге сүйеніп, өзіндік тұжырым жасайды.
  • Эссе мазмұны– тақырыпты толық ашады, өзіндік көзқарасы нақты, тақырыптан ауытқымайды.
  • Тіл шеберлігі– суреттеуді, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдаланады.

Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:

  • Мазмұны, ой тереңдігі – 5 ұпай
  • Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 5 ұпай
  • Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай

 

  1. Авторлық өлеңдерді бағалау критерийлері мен дескрипторлары:
  • Өлең тақырыпқа сай болуы тиіс (5 ұпай);
  • 3-4 шумақ болуы шарт(5 ұпай);
  • Өлең ұйқасына назар аударылады (5 ұпай);
  • Өлең оқиғалы болуы шарт (5 ұпай);

Интернеттен, басқа да басылымдардан көшіріп алуға тыйым салынады.

 

  1. Көркемсөз оқудың критерийлері мен дескрипторлары:
  • Өлең оқудағы орфоэпиялық ережелерді сақтауға міндетті; дикция, интонация – мәнерлеп оқуы қадағаланады (5 ұпай);
  • Артистизмі: патриоттық рух, сезім, эмоция сезілуі керек (5 ұпай);
  • Музыкалық сүйемелдеуге, сахна киіміне, мәдениетіне назар аударылады (5 ұпай);
  • Өлең жатқа оқылуы шарт (5 ұпай);.

 

  1. Көркемсурет шеберлеріне қойылатын талаптар мен бағалауы:
  • сурет түрлі-түсті, мағынасы тақырыпқа сай болу керек (10 ұпай);
  • автор қалаған сурет салу техникасын меңгері шеберлігі (10 ұпай).

 

  1. Жас сазгердің шығармасын бағалау критерийлері мен дескрипторлары:
  • композициялық формасының болуы (5 ұпай);
  • шығарманың сипаты, бейнесі, айқындылығы (5 ұпай);
  • техникалық күрделілігі (10 ұпай)

 

Жұмыстарды бағалау

  • Жұмыстарды бағалау үшін музыка және жалпы білім беру бөлімінің мұғалімдері, мәдениет қайраткерлері және атақты тұлғалары енгізілген комиссия құрылады;
  • Комиссия қатысушылардың өнерiне талдау жасайды және жұмыстарын дескрипторларға сай бағалайды;
  • Комиссия жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды береді. Байқаудың әр номинациясы бойынша жүлделі орындар: бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар, мақтау қағаз иегерлерін анықтайды.
  • Жүлде сыйлықтарын алу үшін демеушілер тартылуы мүмкін.

 

Байқауға жұмыстарды қабылдау

  • Байқау жұмыстары 2021 жыл 12 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін ұйымдастырушыларға қағаз нұсқасында тапсырылады:
    • Сванқұлова З.К. – қазақ тілінде жазылған авторлық шығармалар, эссе, өлеңдер;
    • Кошкарбаева А.Р. – орыс тілінде жазылған авторлық шығармалар, эссе, өлеңдер;
    • Сокпаева А.А. – ағылшын тілінде жазылған авторлық шығармалар, эссе, өлеңдер;
    • Ермаганбетова А.К. – оқушылардың сурет салудан жұмыстары;
    • Бержапраков Д.Б. – оқушылардың композиторлық шығармалары – міндетті түрде нотасы компьютерде терілген.
  • Көрсетілген уақыттан кешiктiрiлген жұмыстар байқауға қабылданбайды.
  • «Жас сазгер», «Жас ақын» және «Көркемсөз оқу» номинациялары бойынша жұмыстар ұйымдастырушыларға көмпьютерде терілген қағаз нұсқасында авторын көрсете отырып өткізіледі. Бұл номинациялар бойынша байқау офлайн форматта өткізіледі, өткізу мерзімі қосымша хабарланады.
  • Қосымша ақпарат алу үшiн мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8707 343-87-32 – Нурзия Нурмукановна, WhatsApp: 87025324041 – Замзагуль Кудайбергеновна.

 

 

Ұйымдастыру комитеті