2021 жылдың 8-10 ақпан айы аралығында мектеп әкімшілігіне, шаруашылық бөлім басшыларына, бөлім меңгерушілері мен педагог қызметкерлеріне «ISO енгізу агенттігі» консалтингтік компаниясының ұйымдастыруымен «Сапа менеджменті жүйелері» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері» тақырыбында 72 сағат көлемінде курс өткізілді.
Курсты өткізу барысында мектеп қызметкерлеріне теориялық білімдер беріліп, тақырып бойынша практикалық іс-әрекеттері, дағдылары қалыптастырылды.
Курс соңында мектеп қызметкерлеріне «Сапа менеджменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің менеджері» біліктілігі тағайындалғаны туралы сертификаттар берілді.
Сұрақ қою