2020-2021 оқу жылына оқушыларды бос орындарға қабылдау - "Күләш Байсейітова" атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
 
 

2020-2021 оқу жылына оқушыларды қосымша қабылдау

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылына оқушыларды келесі мамандықтар бойынша бос орындарға қабылдауды жариялайды:

 

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптар;
  • хор дирижері;
  • музыка тарихы, теориясы және композиция.

 

Конкурстық тыңдауға музыкалық дайындығы бар үміткерлер жіберіледі.

 

Бос орындарға түсу үшін конкурстық іріктеудің қабылдау комиссиясы үміткердің мамандығы бойынша бағдарламасын (этюдтер, полифония, ірі форма, пьесалар және т.б.) тыңдау және оқуға түсу сыныбын ескере отырып, сольфеджио, музыка теориясы және гармония бойынша мектептің оқу бағдарламасына  (парақтан оқу, сольфеджио бойынша әуендер, есту талдауы, гармония бойынша кезеңдер мен секвенцияларды ойнау және т. б.) теориялық білім мен практикалық дағдылар көлемінің деңгейі мен сәйкестігін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 3 ақпаннан бастап 18 наурызды қоса алғанда электрондық форматта (сканерленген) пошталық мекенжайға жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

 

Бос орындарға түсу үшін қажетті құжаттар:

  • № 1 қосымшаға сәйкес мектеп директорының атына өтініш (сканерленген);
  • туу туралы куәлік (сканерленген);
  • электрондық фотосурет 3 х 4;
  • медициналық құжаттар: денсаулық паспорты, жеке медициналық карта (№26 нысан), профилактикалық егулер картасы (№63 нысан) (сканерленген);
  • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелі (сканерленген);
  • жеке жоспар (музыка мектебінен) (сканерленген).

 

Үміткерлерді тыңдау

 наурыз 2021 ж. сағат 11.00-де үлкен концерт залында өтеді.

 

                                                                                                        

Ата-аналардың (немесе өзге де заңды өкілдердің) назарына !!!

 

Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет:

 

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді конкурсқа әкелмеу;

 

  • үміткерді маскамен қамтамасыз ету (маскасыз бала тыңдалуға жіберілмейді);

 

  • үміткерді конкурстық турға кешіктірмей алып келу, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету керек.

 

Әкімшілік

 

Қосымша  № 1

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды

балаларға арналған  РММОМИ»  РММ

 директоры    Абдрашев Б.Т. мырзаға

ата-анасынан/заңды өкілінен

 Т.А.Ж.__________________________________ 

Жеке куәлігінің №_________________________

Берілді (кім және қашан)___________________

________________________________________

________________________________________

Тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы

________________________________________

Нақты тұратын мекен-жайы 

________________________________________  

Телефон_________________________________ 

                                                                           

 

 

Өтініш

 

Менің баламды (аты-жөні толық)

 

__________________________________________________________________

 

Туған жылы_____________ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды   балаларға арналған  РММОМИ»   РММ оқу үшін конкурстық іріктеуге_____сыныпқа, ______________________________     

                                                                                                         (мамандық көрсету)

мамандығы бойынша қабылдауыңызды сұраймын.

Оқыту тілі:  қазақша/орысша

 Интернатта жататын орын _________________________________________

                                                                          (керек, керек емес)

 

 

Қолы ____________

 

Күні_____________

 

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз