Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ алғашқы қызмет еткен жылдарынан бастап біртуар жетістіктері ішекті аспаптар бөлімінің қызметімен байланысты. Алғашқыларының бірі болып ұйымдастырылған ішекті аспаптар бөлімі терең тамырлы, кеңестік скрипкашылар мектебінің үздік дәстүрлерімен тарихи байланысы бар. Жаңа мәдени-тарихи жағдайға көшіріліп, олар қуатты дамуды бастап, өздерінің қазақстандық скрипка мектебін қалыптастырды.

 

 

Бірінші орындаушылық және шығармашылық дәстүрлер Мәскеу консерваториясының оқытушылары - И.А. Лесман (Л.Ауердің шәкірті), В.С.Хесс (Б.Сибордың шәкірті), К.И.Бабаевқа жүктелді. Бұл үрдістің негізгі қалаушысының рөлі ҚазССР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері және еңбек сіңірген мұғалім, профессор В.Хесс тиесілі. Құрманғызы атындағы консерваторияның студенті (проф. В.С.Хесс класы), көп жылдар бойы бөлімнің негізгі педагогы болған Н.М.Патрушева 1951 жылдан бастап педагогикалық қызметін бастады.

 

 

Патрушева Н.М. – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚазССР еңбек сіңірген мұғалімі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Еңбек қызыл ту» ордені, «Достық» ордені, «Еңбек үздігі» медалі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Тарлан» премиясының лауреаты 

Мектептің алғашқы түлектерінің бірі Абдусадықова С.А. (педагог Патрушева Н.М.класы) 1965 жылы Мәскеудегі Гнесин атындағы институтын бітіргеннен кейін педагогикалық қызметін бастады.


1960 жылы консерваторияның түлегі - Долженко Т.П. (проф. В.С.Хесстың класы) және Гнесин (Мәскеу) атындағы институттың түлегі - Қожамқұлова Б.С. негізгі жұмыстарына қайта оралды.


Бөлімнің жаңа, жарқын тарихи беті мектеп түлектерінің есімдерімен байланысты: К.Х.Молдагалиева (Я.И.Фудимананың класы), Т.Е.Романова (К.И.Бабаевтың класы), И.Х.Рахимова (Б.С.Кожамкулованың класы), А.А.Абатова, Д.Г.Джапарова, Р.К.Мусаходжаева, З.Б.Бельгибаева (Н.М.Патрушеваның класы), К.А.Ахметова (А.А.Абатованың класы). 


Әр жылдары консерваторияның педагогтары ішекті аспаптар бөлімінің қалыптасуына өз үлестерін қосты, олар: өнертану докторы; О.Ф.Шульпяков атындағы Петербург консерваториясының профессоры - Я.Сорокер; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессорлары - Я.И.Фудиман; Ф.Д.Мавриди; М.Р.Полевой; ҰОС қатысушылары - Б.Л.Дубров, А.Т.Толганбаев.


В 1994 жылы мектеп әкімшілігімен скрипка және альт бөліміне музыкалық жеті жылдық мектептің жетекші педагогтары Данилова О.Н. мен Подольная Ф.Г. шақырылды.


Скрипка және альт бөлімінің алғашқы меңгерушісі профессор В.С.Хесс болды. 1958-1983 жылдар аралығында бөлімді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Н.М.Патрушева басқарды. Осы 15 жыл ішінде бөлімді ҚазССР білім беру үздігі – С.А.Абдусадыкова басқарды.


1998 жылы Астанада Қазақ Ұлттық музыка академиясы ашылды, ұйымдастырушысы ҚР Халық әртісі Айман Мусаходжаева және алғашқы профессорлары болып Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ-ның түлектері - С.А.Абдусадыкова, А.А.Абатова, Р.К.Мусаходжаева (проф. Н.М.Патрушеваның класы) болды.


Музыкалық өнерде скрипка және альт бөлімінің түлектері ұлы жетістіктерге жетті.Олардың арасында Айман Мусаходжаева – ҚР Халық әртісі (1986 жыл), Халықаралық өнер академиясының академигі (1998 жыл), Юнеско «Артист за мир» құрметті атағының иегері (1998 жыл), Әдебиет, өнер және архитектура саласындағы мемлекеттік премияның лауреаты (2000 жыл,) Астана қ. ҚазҰӨА ректоры.


Гаухар Мурзабекова – ҚР Халық әртісі, Париж қ. Халықаралық конкурстың лауреаты (1985), Г.Венявский атындағы конкурстың қатысушысы, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры. Марат Бисенгалиев – Лейпциге және Сан-Себастьяно қ. (Испания) халықаралық конкурстардың лауреаты. 


Арман Мурзагалиев - Будапешттегі (Венгрия) халықаралық конкурстардың лауреаты, Bela Bartok, Crane’s New Music Festival Потсдам қаласында, NY (US), Реми триосының негізін қалаушы, Forte Music Fest халықаралық классикалық музыка фестивалінің директоры. 


Владимир Косьяненко – 1997 жылғы Біріккен қор Лайонелл Тэртис (Айл оф Мэн, Англия) альтисттерінің 6-шы халықаралық конкурсыныңі лауреаты және Перрено (Ношатель, Швейцария) қорының арнайы сыйлығы мен медалінің иегері. 1998 жылдан бастап В.Косьяненко Гуго Вольф квартетінің қатысушысы атанады. 1999 жылы, квартеттің құрамында бола тұра ол Париждегі камера саласында жеткен жетістері үшін Европалық сыйлықпен және 2003 жылы Австрия Радиосының сыйлығымен марапатталды.


Бөлімнің түлектері Музыка мәдениетінің жарқын тұлғаларына айналды – Жамиля Серкебаева, Аида Аюпова, Меруерт Туякбаева, Амир Бисенгалиев, Айдар Токталиев, Раушан Ахмедьярова, Ахан Меирбеков және т.б.


Мектептің ішекті аспаптар бөлімінің түлектері Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттерінің негізгі санын құрайды. Көбісі оқуларын Ресейдің музыкалық жоғары оқу орындарында және басқа елдерде Австрия, Германия, Испания, Франция, Америкада жалғастырады.


Бөлімнің тәрбиеленушілері ҚР біртуар музыкалық ұжымдарында қызмет атқарады: мемлекеттік симфониялық оркестрдің концертмейстері Попова Лидия (Н.М.Патрушева класы), Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының концертмейстері Ескендірова Шолпан (Кожамкулов Б.С. класы), болып табылады, «Қазақстан Камератасының» концертмейстері Джумабаева Қаламқас (МурзабековаГ.К. класы) болып табылады. 


Бөлімнің құрамы әрдайым жас музыканттармен толықтырылуда, олардың көбісі Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ түлектері. Олар, С.С.Сарсенова (Т.П.Долженконың класы), Д.Х.Ишкаева (Н.М.Патрушеваның класы), А.С.Бекенова (К.Х.Мулдагалиеваның класы), З.Б.Бельгибаев (Н.М.Патрушеваның класы), К.А.Ахметова (А.А.Абатованың класы). 


Бөлім педагогтарының барлық дайындағаны: халықаралық конкурстардың 89-ы лауреат және 27-і дипломант, республикалық конкурстардың 57-і лауреат және 14-і дипломант, халықаралық фестивалдердің 7-уі лауреат және халықаралық фестивалдердің 1-уі дипломант, қалалық фестиваль-конкурстардың 15-і лауреат және 5-уі дипломант, халықаралық және республикалық конкурстардан 6 грамота бар. 


Қазіргі уақытта бөлімде мына оқытушылар қызмет атқарады: бөлім меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, өнертанудың доценті – Абатова А.А.; ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – Мулдагалиева К.Х.; Мәдениет саласының құрметті қайраткері – Данилова О.Н.; Құрманғазы атындағы ҚҰК оркестрлік факультетінің деканы – Бекенова А.С.; ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – Ишкаева Д.Х.; Құрманғазы атындағы ҚҰҚ доценті, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – Сагимбаев Н.Е.,Бельгибаева З.Б., Ахметова Қ.А., Сарсенова С.С., Попова Л.В.

 

 

Ішекті аспаптар бөлімінің және Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ-ның мақтанышы скрипкашылар ансамблі болып табылады. Оның алғашқы меңгерушісі профессор Хесс В.С. (Патрушева Н.М. ассистент) болды. Ансамблді 30 жылдан астам ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Патрушева Н.М. басқарды. Осы жылдар ішінде ансамбль кең ауқымды репертуарды меңгерді. Көптеген музыкалық шедеврлер үкіметтік концерттерде ұжыммен орындалды. Скрипкашылар ансамблінің тарихи сапарлары Мәскеудегі ХХІV партия съездері, комсомолдың ХХ жылдығы, Кремлевск сарайында өткен концертке қатысу, концерттің солисті ҚР Халық әртісі Рахманинованың «Весенние воды» әнін орындаған Ю.С. Клушкин, Жамбылдың 100-жыл толу мерейтойына арналған концертте өнер көрсету, Абайдың мерейтойына арналған салтанатты кешке қатысу, сонымен қатар Қазақстан, АҚШ, Швейцария қалаларына гостролге шығу болды. Вознесенский соборында өткен абонементтік концерт үлкен танымалдылыққа ие болды, жетекшісі атақты музыкатанушы, профессор Ю.П.Аравин. 


1986-1996 жылдар арлағында ансамблді Абдусадыкова С.А. басқарды, кейінгі жылдары ансамбль меңгерушілері, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ-ның түлектері - Абатова А.А., Ахметова К.А., Ахметов Е.Т. болды. Қазіргі уақытта скрипкашылар ансамблін профессор Патрушева Н.М. тәрбиеленушісі Ишкаева Д.Х. басқарады.

 

 

Қазіргі уақытта бөлімді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертанудың доценті, ҚР білім беру ісінің үздігі – Абатова Алма Абдракашевна басқарады.

 

Мулдагалиева К.Х. – бөлім педагогы, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

Данилова О.Н. – бөлім педагогы, Халық білім беру үздігі, ҚР Мәдениет саласының құрметті қайраткері

 

Ишкаева Д.Х. – бөлім педагогы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

Сагимбаев Н.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

Бекенова А.С. – бөлім педагогы, педагогикалық ғылымның магистрі

 

Ахметова К.А. – бөлім педагогы, өнер магистрі

 

Бельгибаева З.Б. – бөлім педагогы

 

Сарсенова С.С. – бөлім педагогы

 

Попова Л.В. – бөлім педагогы, «Зеңбек сіңірген қызметі» үшін медаліь иегері 

 

Скрипка және альт бөліміндегі скрипкашы оқушылар арасындағы альтисттер ансамблі

 

Скрипкашылар ансамблі бөлім педагогы - Мулдагалиева К.Х. мерейтойымен құттықтауда

You Tube

Facebook

Instagram