16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні - "Күләш Байсейітова" атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
 
 

2020 жылдың 15 желтоқсан айында мектеп директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Абдрашев Бахтияр Төлепбергенұлы  16-желтоқсан  ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  ұстаздық қызметтерін абыроймен атқарып, қазақтың ұлттық музыка өнерінің дамуына, оны насихаттауға және музыкаға дарынды жастарды тәрбиелеу жолында орасан зор жетістіктерге жеткен мектеп педагогтарын сахна төрінде құттықтап, жылы лебізін айтып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен  марапаттады.

Мектеп директоры Абдрашев Б.Т  дарынды балаларды оқытудағы ұзақ жылғы қажырлы еңбектері үшін айрықша табыстарға жеткен ұстаздарымызды, педагогтарымызды өз атынан да Алғыс хаттармен марапаттады.  

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Жамбыловтың атынан «Nur Otan» партиясының Праймеризіне белсене қатысып, оның жоғары деңгейде өтуіне үлестерін  қосқан педагогтарды, мектеп қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады. 

Барлық ұстаздарымызды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз