2021 жылдың 2 қыркүйек айында сағат 15.00-де мектеп-интернатта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша ұжым жиналысы өтті.
Мектеп директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Абдрашев Б. Т. баяндама жасады.
Ол ұжымға Жолдауда баяндалған еліміздің келесі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегияларын түсіндірді: денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыру, саяси жаңғырту, адам құқықтарын қорғау және пандемиядан кейінгі кезеңде қоғамды топтастыру.
Жиналысқа қатысқан ұжым мүшелеріне арнаған сөзінде мектеп директоры Президент ұсынған бастамалар мен шаралардың маңыздылығын, олардың бір үлкен мақсаты – барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшысының пәрменді шараларының арқасында жыл сайын бюджет саласы қызметкерлерінің, оның ішінде педагог қызметкерлердің жалақысы өсіп келеді. Қазақстан Үкіметінің қолдауының арқасында олар өздерінің ертеңгі келешегіне сенімді, еліміздің болашақ азаматтарын, жас ұрпағын тәрбиелеп, оқытуда. Сондай-ақ, биылғы жылы ең төменгі жалақы мөлшері айтарлықтай ұлғаятын болды, ол да республика еңбекшілерін қолдаудың нақты шарасы болып табылады.
Мектеп директоры өз сөзінде осы Жолдаудан туындайтын коронавирусқа қарсы жалпы вакцинациялау, денсаулықты сақтау, цифрландыру қажеттілігі, жас мамандарды жұмысқа қабылдау сияқты маңызды мәселелерге тоқталды. Бұл мәселелер біздің мектептің қызметінде де өзекті болып табылады. ҚР Президентінің бастамаларын қолдау үшін, мектеп ұжымын жұмысқа деген адал көзқарас, жауапкершілік көрсетуге және еліміздің жас азаматтарын – өз Отанының шынайы патриоттарын тәрбиелеуде жеке үлгі көрсетуге шақырды.
Ұжым мүшелері Қазақстан үкіметіне, оның Президентіне қолдау білдірді. Жолдауды іске асыру бойынша іс-шараларды жоспарлау ұсынылды.
http://baiseitovaschool.kz/kz/zhanaly-tar/436-2-sentyabrya-2021-goda-v-15-00-v-shkole-internate-sostoyalos-sobranie-kollektiva-po-obsuzhdeniyu-poslaniya-prezidenta-rk-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazakhstana-ot-1-sentyabrya-2021-goda-2.html#sigFreeId0f1958f86b