Бекітемін:

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

«Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ

Директоры

____________________ Абдрашев Б.Т.

2021ж. «_____» ______________

 

 

 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

білім мекемелерінің оқушылары арасында өтетін

Қазақстанның жас орындаушыларының IХ республикалық байқауын өткізу

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

            ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында өтетін Қазақстанның жас орындаушыларының IХ Республикалық байқауы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бейнежазбалар бойынша қашықтықтан өткізіледі. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты»  республикалық мемлекеттік мекемесі базасында екі турда өткізіледі

 

ІІ. Мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектептердің оқушылары – Қазақстанның жас орындаушылары ІХ республикалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру және арттыру, музыкаға дарынды балаларды кәсіби және шығармашылық дамыту, республиканың дарынды жастарын анықтау және қолдау, Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау болып табылады. Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (лауреаттарын) қатысу және айқындау тәртібін анықтайды.

            Байқауға ҚР дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім мекемелерінің оқушылары қатысады.

            Байқау жеке орындаушылар арасында келесі номинациялар бойынша: «Арнайы фортепиано», «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кіші, орта және ересек топтар арасында өтеді.

«Арнайы фортепиано» номинациясында:                            

  • кіші топ - 10 жас қоса алғанда

2)   орта топ -  11 - 14 жас қоса  алғанда         

3)   ересектер тобы  -  15 жастан - 19 жасқа дейін қоса алғанда

 «Үрмелі және ұрмалы аспаптары» номинациясында:

   ағаш үрмелі аспаптар  (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон):                                  

1)  кіші топ - 13 жас қоса алғанда

2)  орта топ -  14 жастан - 16 жас қоса алғанда

3)  ересектер тобы  -  17 жастан  - 19 жас қоса алғанда

 

Мысты үрмелі  (валторна, труба, тромбон, туба)

1)  кіші топ - 13 жас қоса алғанда

2) орта топ -  14-16 жас қоса алғанда

3) ересектер тобы  -  17-19 жас қоса алғанда

Ұрмалы аспаптар:

1)  І кіші топ – 10 жасқа дейін қоса алғанда

     ІІ кіші топ – 11 -13 жасқа дейін қоса алғанда

2) орта топ -  14-16 жас қоса алғанда

3) ересектер тобы  -  17-19 жас қоса алғанда

 

  1. Қатысушылардың жас ерекшеліктері ағымдағы жылдың 18 наурызында анықталады.

 

  1. Кіші жастағы топтың бағдарламасы ҚР дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектептерінің 5 – сынып оқушыларының; орта топтың 8-сыныптан төмен емес; жоғары топтың 11-12-сыныптан төмен емес бағдарламалық талаптарына сәйкес келуі тиіс.

«Ұрмалы аспаптар» номинациясында I кіші жас тобының бағдарламасы ҚР дарынды балаларға арналған мамандандырылған орта музыка мектептерінің 3-4 сынып оқушыларының; II кіші жас тобы -5 сыныптан төмен емес; орта топ-8 сыныптан төмен емес; жоғары топ - 10 сыныптан төмен емес бағдарламалық талаптарына сәйкес болуы қажет.

Байқауға қатысушылардың тапсырыстарында көрсетілген ойнау реті  мен бағдарламасы өзгертілмейді.  

 

  1. Республикалық байқаудың қатысушылар саны рұқсат қағаз бойынша сәйкес белгіленеді – білім беру ұйымының әр жастағы тобынан аспаптар бойынша екі қатысушыдан аспауы керек. Алдыңғы жылдарда өткен жас орындаушылардың  републикалық байқауларында бірінші орын және Гран-при алған білім мекемелері үш қатысушы жіберуге құқылы. Алдыңғы Республикалық Қазақстанның жас орындаушылар байқауларында  осы жас аралығында Гран-при және І орын алған оқушылар байқауға қатысуға жіберілмейді.

 

  1. Республикалық байқауда оқушылары лауреат атанған педагогтар мен концертмейстерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мадақтамасымен марапатталады.

                                 

III. Конкурсты өткізу тәртібі

 

  1. Конкурсанттардың тыңдалуы 2021 жылдың 18-28 наурыз аралығында өтеді;
  2. Екінші кезеңге бірінші кезеңнен өткен қатысушылар жіберіледі;
  3. Барлық шығармалар жатқа орындалады;
  4. шығармаларды орындау ретін қатысушының өздері таңдап алады;
  5. Әділ-қазылар алқасының құрамы конкурс басталған күні мектеп сайтында жарияланады. Конкурс тыңдалуының қорытындысы baiseitovaschool.kz мектеп сайтында 23 наурыз 2021ж. (1 кезең) және 30 наурыз 2021 ж. (қорытынды) жарияланады.

 

 

 

 

 

ІV. Ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектептерінің оқушылары – Қазақстанның жас орындаушылары ІХ республикалық байқауына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • YouTube-тағы бейнежазбаға сілтеме көрсетілген (1-ші және 2-ші тур) қоса берілген нысан бойынша толтырылған өтінім (тек электрондық түрде және Word форматында).
  • Туу туралы куәліктің, паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі (сапалы сканерленген түрде);
  • Соңғы 6 айда  түскен 1 фото,   (тек электрондық нұсқада).
  • Оқу орны куәландырған шығармашылық өмірбаян (сапалы сканерленген түрде);
  • Сканерленген құжаттар әрқайсысы жеке файлмен бекітілуі керек.

 

 

  1. Бейнежазбаға қойылатын талаптар

 

-   I және II турды тыңдауға DVD немесе MP4 форматындағы бейнежазбалар жіберіледі.

- Конкурстық бағдарламаның әрбір турының бейнежазбасы тек қана бейнекамераға немесе жоғары сапалы смартфонға (720р) жазылуы, бейнекамераның дірілдеуінсіз орындалуы тиіс.

- Дыбысты қосымша өңдеуге, бейне материалды монтаждауға және редакциялауға жол берілмейді. Табиғи акустикаға (зал, холл) рұқсат етіледі.

-Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай, орындалатын тур бағдарламасының басынан аяғына дейін жүргізілуі тиіс.

-  Бағдарламаны орындау кезінде кадрда байқауға қатысушы (аспап) және концертмейстер анық көрінуі тиіс.

- Конкурстық бағдарламаны орындау тек фортепианоның сүйемелдеуімен жүргізіледі.

Фонограммамен орындауға жол берілмейді.

- Орындаушының сыртқы түрі-концерттік.

- Бейнежазба сипаттамасында мынадай мәліметтер көрсетілсін:

1) байқауға қатысушының аты-жөні;

2) номинациясы, жас ерекшеліктер категориясы, аспап;

3) қала, оқу орнының атауы;

4) конкурстық бағдарлама, кезең нөмері;

5) педагогтың аты-жөні.

6) концертмейстердің аты-жөні.

 

  1. Өтінім беру тәртібі

Өтінімдер Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.электрондық поштаға  2021 жылғы 12 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Өтінімдер құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда   қабылданбайды. 12.03.2021 ж. кейін өтінімдер қабылданбайды.

Ұймдастыру комитетінің мекен-жайы:

  050000 ҚазақстанРеспубликасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, И.Байзақов көшесі 304.

  Тел: 8 (727) 394-96-05 – Юсупова Светлана Омаровна.

  e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..        

Меткпе сайты: www. baiseitovaschool.kz

Телефон бойынша анықтама: 8727394-96-05 – Юсупова Светлана Омаровна.

 

 

 

VII. Марапаттау:

 

  1. Әр жас тобындағы жеңімпаздарға «Гран-При», дипломдар мен І, ІІ, ІІІ дәрежелі «лауреат» атағы, дипломдар мен сертификаттар беріледі.
  2. Қазылар алқасы «Гран-При» бермеуге құқылы.
  3. Байқаудың қазылар алқасы сыйлықтарды бөлуге, шығармаларды үздік орындағаны үшін сыйлық беруге, оқытушылардың дипломдарымен атап өтуге құқылы.
  4. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және шағымдануға жатпайды.

 

Өтініш

Номинация

 

Жас ерекшелігіне б/ты топтар

 

Мекеменің атауы

 

Аты - жөні

 

Туылған жылы

 

ЖСН (ИИН)

 

Мекенжайы

 

Байланыс телефоны (ұялы)

 

Педагогтың аты-жөні (толық)

 

Концертмейстердің аты-жөні (толық)

 

YouTube-тағы бейнежазба сілтемелер бойынша

1 тур

2 тур

 

Бағдарлама

 

Тур

Автор

Туынды

Хронометраж

 

 

I

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

You Tube

Facebook

Instagram