Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары - Қазақстанның жас орындаушыларының Х республикалық конкурсы туралы Ережесі - "Күләш Байсейітова" атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты
 
 

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған 

музыкалық орта мектеп оқушылары - Қазақстанның

жас орындаушыларының Х республикалық конкурсы туралы

Ережесі

1. Жалпы ережелер

 

1.1.  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы  дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ-нің (бұдан әрі – Мектеп) осы ережесі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық конкурстары мен фестивальдарын өткізудің үлгілік қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

1.2. Осы ереже ҚР мамандандырылған музыкалық орта мектептері оқушыларының орындаушылық шеберлік бойынша республикалық конкурсқа қатысуын және оны ұйымдастыру тәртібін регламенттейді.

1.3. Осы ереже Конкурстың мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтылуын, тәртібі мен қаржыландыруын, сондай-ақ жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (лауреаттарын) анықтау тәртібін белгілейді.

1.4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ болып табылады.

2. Мақсаттары мен міндеттері

1.5. Қазақстан мектептерінің мамандандырылған музыкалық оқытудың міндеттерін іске асыру, стратегиялық даму индикаторларын орындау, педагогтер ұжымының жұмыс нәтижелілігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу.

1.6. Оқытудың түрлі деңгейлерінде музыкаға дарынды балалардың шығармашылық дамуы, жас музыканттардың кәсіби орындаушылық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс формаларын іске асыру, отандық және әлемдік музыкалық білім беру саласындағы білімдерін жетілдіру.

1.7. Мектептердің оқушылары арасында талантты, перспективалық орындаушыларды анықтау, олардың орындаушылық шеберлігінің деңгейін көтеру, өзіндік дамуы мен өзін көрсете білуі үшін жағдай жасау, сахналық мәдениетті қалыптастыру, музыка өнерінің үздік үлгілері мысалында конкурс қатысушыларының музыкалық талғамы мен стильді сезінуін тәрбиелеу және дамыту;

1.8. ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары - Қазақстанның жас орындаушыларының Х республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) негізгі мақсаттары мен міндеттері – оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, музыкаға дарынды балаларды кәсіби және шығармашылық тұрғыдан әрі қарай дамыту, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, Қазақстанның музыка өнерін насихаттау.

 

 3.Конкурс өткізу тәртібі

3.1.Конкурс көктемгі демалыс күндері 2022 жылғы 23 мен 31 наурыз  аралығында  «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ базасында  өткізіледі (Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 304). Конкурсты өткізу форматы  қосымша хабарланатын болады (оффлайн немесе бейне жазбалар бойынша қашықтан өткізу форматы).

3.2. Конкурсқа ҚР дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектептерінің оқушылары қатысады.

3.3. ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары - Қазақстанның жас орындаушыларының Х республикалық конкурсы төмендегі мамандықтар бойынша өткізіледі:

  • Ішекті аспаптар (скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа)
  • Халық аспаптары (домбыра-тенор, қобыз-прима, қыл кобыз, домбыра- прима, шертер, бас домбыра (шертер), баян, аккордеон, классикалық гитара)

3.4. Конкурс кіші, орта және ересектер топтарында өткізіледі.

 «Ішекті аспаптар» номинациясында:

   Скрипка:

1. кіші топ –12 жасқа толмағандар мен толғандар

2. орта топ -  13 - 15 жас қоса есептелген

3. ересектер тобы - 16 - 19 жас қоса есептелген

 

Виолончель:

1)   кіші топ – 13 жасқа толмағандар мен толғандар

2)  орта топ  - 14 - 16 жас қоса есептелген

3)  ересектер тобы- 17 - 19 жас қоса есептелген

 

Альт:

1) орта топ  - 13 - 15 жас қоса есептелген

2) ересектер тобы– 16 -19 жас қоса есептелген   

      

 Контрабас:

1) кіші топ – 13 жасқа толмағандар мен толғандар

2) орта топ - 14 - 16 жас қоса есептелген

3) ересектер тобы- 17 - 19 жас қоса есептелген

 

Арфа:

1) кіші топ – 9 - 11 жас қоса есептелген

2) орта топ – 12-14 жас қоса есептелген

3) ересектер тобы – 15-19 жас қоса есептелген

 

 «Халық аспаптары» номинациясында:

 

Домбыра-тенор:

1)  кіші топ – 12 жасқа толмағандар мен толғандар

2)  орта топ -  13 - 15 жас қоса есептелген

3)  ересектер тобы -  16 - 19 жас қоса есептелген

 

Домбыра-прима (шертер):

1)   кіші топ –12 жасқа толмағандар мен толғандар

2)   орта топ  - 13 - 15 жас қоса есептелген

3)   ересектер тобы- 16 - 19 жас қоса есептелген

 

Қобыз:

 1)  кіші топ –12 жасқа толмағандар мен толғандар

2)   орта топ -  13 - 15 жас қоса есептелген

3)   ересектер тобы -  16 - 19 жас қоса есептелген

                                         

Қыл кобыз:

1)   кіші топ –12 жасқа толмағандар мен толғандар

2)   орта топ -  13 - 15 жас қоса есептелген

3)   ересектер тобы -  16 - 19 жас қоса есептелген

                                         

 Баян-аккордеон:

1)   кіші топ –  12 жасқа толмағандар мен толғандар

2) орта топ – 13-15 жас қоса есептелген

3) ересектер тобы - 16 - 19 жас қоса есептелген

                                           

 Гитара:

1)   кіші топ –  12 жасқа толмағандар мен толғандар

2) орта топ – 13-15 жас қоса есептелген

3) ересектер тобы– 16-19 жас қоса есептелген

 

3.5. Қатысушылардың жасы ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін анықталады.

3.6. Конкурс қатысушыларының өтінімде көрсетілген өнер көрсету тәртібі мен бағдарламасы өзгертілмейді.

3.7. Республикалық конкурс қатысушыларының саны тәртіптемеге сәйкес белгіленеді – білім беру ұйымының әр жастағы тобынан аспаптар бойынша екі қатысушыдан аспауы тиіс. Бұдан алдын өткен  республикалық конкурста  Гран-при немесе бірінші орын алған білім беру ұйымдары сол номинациясы мен жас тобы бойынша үш қатысушы жіберуге құқылы. Алдын өткен Қазақстанның жас орындаушылары республикалық конкурсында Гран-при және І орын алған оқушылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.8. Конкурс өткізілетін орынға келу жолында, конкурсы өткізу кезінде, тұрақты мекен-жайына қайту жолында қатысушылардың өмірі мен денсаулығына толық жауапкершілік оқу ұйымдарының басшыларына жүктеледі. 

3.9. Іссапар кезінде оқушыларды ертіп жүрген педагогтер мен концертмейстерлердің еңбекақысы толық сақталады.

3.10. Республикалық конкурста оқушылары жеңімпаз, жүлдегер (лауреат) атанған педагогтер мен концертмейстерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің грамоталарымен марапатталады. 

 

 4.Конкурсты оффлайн форматта өткізу тәртібі

4.1. Конкурс қатысушыларының келу күні – 2022 жылғы 22 наурыз. Конкурс қатысушыларын тыңдау – 2022 жылғы 23-28 наурыз.

4.2. Конкурстың барлық турлары жария түрде өтеді.

4.3. ІІ турға конкурстың І турынан өткен қатысушылар жіберіледі.

4.4. Барлық шығармалар жатқа орындалады.

4.5.  Шығармаларды орындау тәртібін конкурсанттар өздері белгілейді.

4.6.  Конкурс қатысушылары репетициялық сыныптармен қамтамасыз етіледі.

4.7.  Қазылар алқасының құрамы конкурсты ашу салтанатында жарияланады.

4.8. І турдың конкурстық тыңдалымдарының нәтижелері тыңдалым өткен күні жарияланады. Соңғы нәтижелер – конкурсты жабу салтанатында жарияланады.

4.8. Ұйымдастыру комитеті конкурс қатысушыларының өнер көрсетулерін трансляциялауға, жазып алуға және таратуға құқығы бар.

4.9.  Өтінімдер 2022 жылғы 6 наурызға дейін  қабылданады.

 

  1. Конкурсты қашықтан (бейне жазбалар бойынша) өткізу тәртібі

5.1.  Конкурс қатысушыларын тыңдау 2022 жылғы 23-28 наурыз аралығында өткізіледі.

5.2.  ІІ турға конкурстың І турынан өткен қатысушылар жіберіледі.

5.3.  Барлық шығармалар жатқа орындалады.

5.4.  Шығармаларды орындау тәртібін конкурсанттар өздері белгілейді.

5.5.  Қазылар алқасының құрамы конкурс басталу алдында мектептің сайтында жарияланады.

5.6. Конкурстық тыңдалымдардың нәтижелері мектептің сайтында жарияланады - baiseitovaschool.kz 25 наурыз 2022 ж. (1 тур) және 31 наурыз 2022 ж.(соңғы)

5.7.  Өтінімдер 2022 жылғы 6 наурызға дейін  қабылданады.

 

                                                    Бейне жазбаға қойылатын талаптар

  • I және II турлардың тыңдалымына DVD немесе MP4 форматындағы бейне жазбалар жіберілуі тиіс.
  • Конкурстық бағдарламаның әрбір турының бейне жазбасы тек бейне камераға немесе рұқсаттылық сапасы жоғары (720р) смартфонға жазылуы, акустикалық осалдықтарсыз, бейне камераны дірілдетпей орындалуы тиіс.
  • Дыбысты қосымша өңдеуге, бейне материалды мотаждауға және редакциялауға болмайды. Табиғи акустикаға (зал, холл) жол беріледі.
  • Бейне түсірілім турда орындалатын бағдарламаның басынан аяғына дейін бейне камераны сөндірмей және тоқтатпай жүргізілуі тиіс.
  • Бағдарламаны орындау кезінде кадрда конкурсант (аспап) және концертмейстер анық көрінуі тиіс.
  • Конкурстық бағдарлама тек фортепианоның сүйемелдеуімен орындалады.
  • Фонограммамен орындауға жол берілмейді.
  • Өнер көрсетушінің сыртқы келбеті – концерттік үлгіде болуы тиіс.
  • Бейне жазбаның сипаттамасында мыналар көрсетілуі тиіс:

1) конкурсанттың ТАӘ;

2) номинация, жас санаты, аспап;

3) қала, оқу орнының атауы;

4) конкурстық бағдарлама, турдың нөмірі;

5) педагогтің ТАӘ;

6) концертмейстердің ТАӘ.

 

  1. Өтінімдерді беру тәртібі

Өтінімдер 2022 жылғы 6 наурызға дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына қабылданады. Құжаттар пакеті толық болмаған кезде өтінімдер қабылданбайды. 2022 жылғы 6 наурыздан кейін өтінімдер қабылданбайды.

 

Конкурс қатысушылары құжаттарының тізімі:

  • өтінімнің электрондық түрде толтырылған бланкі (қатысушының, педагогтің және концертмейстрдің аты-жөні міндетті түрде құжаттарына сәйкес компьютерде терілуі тиіс);
  • өтінім нысаны қоса беріліп отыр (№1 қосымша, №2 қосымша);
  • оқу орнынан анықтама;
  • туу туралы куәліктің (жеке куәлік немесе төлқұжат) көшірмесі, ЖСН;
  • бағдарламаның  дыбысталу  уақытын белгілей отырып, өнер көрсету бағдарламасы;
  • фотосурет;
  • мектеп жанындағы интернатта тұру үшін – эпидемиологиялық айналасы туралы анықтама (конкурс оффлайн форматта өткізілген жағдайда).

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Байзақова көшесі 304.

Мектеп сайты: www baiseitovaschool.kz

Анықтама үшін телефон: 8-727-394-96-05 – Сурапбергенова Светлана Алмабаевна

                    

  1. Қазылар алқасының жұмысы

7.1.  Қазылар алқасы алдынғы қатарлы танымал мамандар - музыканттар мен педагогтерден тұрады.

7.2. Қазылар алқасының құқықтары:

  • кейбір дипломдарды тағайындамауға;
  • республикалық конкурстың І турында өнер көрсеткені үшін грамоталар беруге;
  • үздік педагогтер мен концертмейстерлерді дипломдармен марапаттауға;
  • асқан шеберлігі, музыкалық қабілеті, Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін, жеңіске деген ынтасы үшін және т.б. арнайы сыйлықтар тағайындауға;

 

7.3. Қазылар алқасының шешімдері соңғы және қайта қарастырылмайды.

  

 

  1. Марапаттау

8.1 Конкурстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен мараппатталады.

8.2  Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, фирмалар мен жеке тұлғалар, ұйымдастыру комитетімен келісе отырып, басқа да арнайы сыйлықтар тағайындауы мүмкін, олар өз қалаулары бойынша табысталатын болады.

8.1  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес (5 тарау, 26 бап) жас орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарынан І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған үлкен топтағы жеңімпаздар ҚР музыкалық жоғары оқу орындарына түсу үшін білім гранттарын алуға құқықтары бар.

 

  1. Конкурсты қаржыландыру
  • Конкурсқа қатысушылардың екі жаққа жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын жіберуші тарап есебінен қаржыландырылады.
  • Конкурстың ұйымдастыру комитеті басқа қалалардан келген қатысушыларға жататын орын және тамақтану ұйымдастырады.

 Толығырақ...