Пианистерді дайындаудағы маңызды бағыттардың бірі олардың концертмейстерлік шеберлік дағдыларын үйрету болып табылады. Музыка мәдениетінде сұранысқа ие болған бұл мамандық оқушылардың камералық-вокалдық, аспаптық композицияларын, орыс және шетел композиторларының опера сценарийлерін бірлесіп орындау дағдыларын меңгеруін болжайды. Нəтижесінде мемлекеттік емтиханнан сәтті өткен бітіруші түлектерге концертмейстер біліктілігі беріледі.

 

 

Концертмейстерлік шеберлік кластары Күләш Байсейітова атындаға дарынды балаларға арналған РММОМИ-ның құрылған күнінен бастап ашылған. Концертмейстерлік класының алғашқы ұстаздары арасында Қазақстан фортепиано мектебінің негізін қалаған пианисттер болды: Кацман Р.С., Мырзалар К.А. Олардың оқушылары арасында - ҚР музыка білімінің көрнекті қайраткерлері: Әбілхайырова Т.А. (Мұхамеджанова), Камалиева Д.И., Сүлейменова Т.Н., Ванглер Е.И.

 

 

60-шы жылдары концермейстерлік класын Я.Зактың оқушысы, Мәскеу консерваториясының түлегі - Садыкова Г.А. жүргізді. Садыкова Г.А. класында Ф. Вильданова (Курбанова), С. Эпштейн, Т.А. Мухамеджанова, Т. Манжосовалар оқыды. Мектептің тұңғыш иллюстраторларының бірі Гнесин атындағы институттың түлегі Носова Е.П. болған. Кейінгі жылдары концертмейстерлік шеберлік кластарын педагогтар Бархударян В.Г., Коспанова А.Ш. жүргізді.


1978 жылы концертмейстер класы жеке бөлім ретінде концертмейстерлік шеберлік класы болып өзгертіліді, ол Тезекбаева Г.Д. басшылығында болды. Қазіргі кезде бөлімде педагогтар Бархударян В.Г. мен Тналина Ш.К. қызмет атқарады. Сол кезеңнін талантты оқушылары олар, Новгородский Дима - Павлодар қ. республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты, қазір Висконси (АҚШ, Аплтон қ.) Университетінің профессоры; Горенман Нора - қазір уақытта (АҚШ-та) музыка пәнінің мұғалімі. Бөлім иллюстраторлары болып Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солистері Дороховская Л.,Омарбаев К. және Қырғыз ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі Циндрик Л.М. қызмет атқарды. 


Келесі онжылдықта бөлімде Құрманғазы атындағы ҚҰК крнцермейстерлік шеберлік кафедрасының доценті Шульгина Т.Б. қызмет атқарады. Мектептің тәжірибелі концертмейстерлері: Бисенгалиева А.С., Устемирова А.Б., Брынова Н.В. педагогикалық жұмысқа қатысады. Иллюстраторлар ретінде танымал музыканттар: ҚР Еңбек сіңірген әртісі Скаков Б., Чалобаев М., Тленчиева Р., Бекболатова А., Даутова З., Букенов Б., Өмірбеков К., Усачев Д., Байкотаов К өнер көрсетеді.


1989 жылы мектеп әкімшілігі Консерваторияның тәжірибелі оқытушысы, Ленинград консерваториясының түлегі, Байсейітова мектебінің тәрбиеленушісі (Кацманның Р.С. сыныбы) Сулейменова Т.Н. концертмейстер бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырылды. 


Бөлімнің тәжірибелі оқытушылары концертмейстерлік шеберліктің құпияларын ашып, оқушыларды музыкалық және көркемдік талғамға үйретіп, алынған білімдері мен дағдыларын қолдануды қалыптастырды.

 

 

Бөлімнің басым бағыттарының бірі оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады. Көпжылдық жемісті еңбек нәтижесі оқушылардың концертмейстерлік шеберлікті меңгеруі үшін концертмейстерлік шеберлік бөліміне арналған қажетті барлық жұмыс түрлерін көрсететін арнайы оқу бағдарламасын жасау болды. Орындалған жұмысты ұжымда талқылау қажеттілігі 2006 жылы Қазақстандағы ұқсастығы жоқ одақ - «Концертмейстерлердің дөңгелек үстелі» ұйымдастыруға алып келді, оның бастамашысы бөлімнің меңгерушісі Сүлейменова Т.Н. болды.


Мектептің концерттік өмірінде концертмейстерлік шеберлік бөлімі үлкен үлес қосады. Бөлім қызметкерлері мектепте өткізілетін іс-шараларға белсене қатысып, білім беру және тәрбиелеу қызметтерін атқаратын тақырыптық концерттер ұйымдастырады.


Кейінгі жылдары бөлімге жас оқытушылар шақырылды: Баишева Е.В., Азизханова А.А., Кажгалиева А.Ш. 2014 жылдан бастап бөлімге Брынова Н.В. қайта оралды.

 

Бөлім меңгерушісі Т.Н.Сулейменова иллюстратор И.А.Турунтаевамен

 

Бөлім педагогы Азизханова А.А.

 

Т.Н. Сулейменова иллюстратор З.С.Даутовамен

 

Бөлім педагогы Н.В.Брынова иллюстратор К.А. Ахметовамен

 

Иллюстратор Заин Ж.Р.

You Tube

Facebook

Instagram