2021 жылдың 6-шы қаңтар айында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жылқышыева Жазира Жақсылыққызы және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Камзолдаев Марат Болысбековичтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру туралы» тақырыбында онлайн форматта кездесу өткізілді.

Жазира Жақсылыққызы өз баяндамасында заңды және жеке тұлғалардың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарына қатысты ҚР заңнамасындағы негізгі жаңалықтар туралы баяндап, көптеген өзекті мәселелер талқыланды.

 «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.Б. Қамзолдаевтың баяндамасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  білім беру мекемелері мен мәдениет және өнер мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты негізгі іс-шаралар айтылды.  Мәселен, ағымдағы 2021 жылдың басында осы мекемелердің сыртқы және ішкі аудиті жоспарланған.

Жалпы,  бейне-конференцияны мектептің барлық педагогикалық ұжымы мен мектеп қызметкерлері үлкен қызығушылықпен және ықыласымен тыңдады.

Бүгінгі онлайн кездесуде арнайы уақыттарын бөліп, пайдалы ақпараттармен бөліскені үшін Жылқышыева Ж.Ж. ханымға және Камзолдаев М.Б. мырзаға алғысымызды білдіреміз!

 

    You Tube

    Facebook

    Instagram