ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекесі Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 2022-2023 оқу жылы төмендегі мамандықтар бойынша 1 сыныпқа түсуді жоспарлаған барлық үміткерлер үшін консультациялар өткізетіні туралы хабарлайды:

  • арнайы фортепиано;
  • скрипка, альт;
  • виолончель, контрабас, арфа;
  • халық аспаптары;
  • үрмелі және ұрмалы аспаптар;

Консультациялар үміткерлердің табиғи музыкалық қабілеттерін (есту қабілетін, ырғағын, музыкалық жадын, интонациясын, аспапқа деректерін анықтау және т.б.) анықтауға тестілеу өткізуді көздейді.

Консультацияларды бөлім педагогтері күзгі каникул кезеңінде (1-5 қараша аралығында) және қысқы каникул кезінде (күндері мектептің сайтында желтоқсан айында жарияланады) ақысыз негізде өткізетін болады.  Кандидаттың жоспарлаған мамандық бойынша, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша консультация алуға құқығы бар. Консультация саны – 2 көрсетілген мамандық бойынша  (мысалы, фортепиано), 2 консультация – есту қабілетін, ырғағын және т.б. тестілеу бойынша. Өтініште бірнеше мамандықты көрсететіндер үшін (мысалы, фортепиано, үрмелі, ішекті аспаптар) әрбір мамандық бойынша 1 консультация өтеді. Қысқы каникул кезеңіндегі консультациялар саны  мектептің сайтында желтоқсан айында қосымша жарияланады.

 

Консультацияларға қатысу үшін үміткердің ата-анасы (заңды өкілі) белгіленген мерзімде онлайн форматта мектеп-интернатқа жауапты тұлғаға өтініш жібереді. Өтініш негізінде келу өңірін, әрбір аспап бойынша үміткерлер санын және т.б. ескере отырып, консультациялар кестесі әзірленеді. Кестеде үміткердің тегі, консультация өткізу күні, уақыты мен сыныбы көрсетіледі. Кесте міндетті түрде мектептің сайтында жарияланады. Басқа қалалардан келетін үміткерлер үшін ата-аналардың қалауы бойынша тұру жағдайларымен танысу үшін мектеп жанындағы интернатқа экскурсия өткізілуі мүмкін.  

Өтініштерді қабылдау – 2021 жылғы 20 қыркүйек пен 10 қазан аралығында электрондық форматта (сканерленген)  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Тел: 8 (727) 394-94-60

 

15 қазанда консуьтациялар кестесі мектептің сайтында жарияланады!

 

Педагогтердің қазылар алқасы құрамында онлайн конкурстарға қатысуына байланысты консультациялар кестесін сақтауды сұраймыз.

 

Ата-аналардың (немесе заңды өкілдердің) назарына !!!

 

Коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет:

  • кез келген аурудың белгілері бар үміткерді конкурсқа әкелмеу;
  • үміткерді маскамен қамтамасыз ету (маскасыз бала консультацияға жіберілмейді);
  • үміткерді конкурстық турға кешіктірмей алып келу, тыңдау аяқталғаннан кейін бірден алып кету керек.

Әкімшілік

 

                                            ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің

                                             «Күләш Байсейітова атындағы дарынды

балаларға арналған  РММОМИ»  РММ

 директоры Б.Т.Абдрашевқа

ата-анасынан/заңды өкілінен

 

                                      Т.А.Ә._____________________________________________ 

 

Телефон (WhatsApp)_________________________________ 

 

Тұрғылықты жері____________________________________

____________________________________________________

 

Электрондық пошта___________________________________

                                                                          

 

ӨТІНІШ

 

 «Күләш Байсейітова атындағы дарынды   балаларға арналған  РММОМИ» РММ-ге жоспарланған оқуға түсуге байланысты Сізден менің баламды


    ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Аты-жөні толық)

 

2021-22 оқу жылының күзгі каникул кезеңінде төмендегі мамандық бойынша өтетін  консультацияға тіркеуді сұраймын:

(Кажетті мамандықтың астын сызу, бірнеше мамандық таңдауға болады)

  1. Арнайы фортепиано
  2. Скрипка
  3. Альт
  4. Виолончель
  5. Контрабас
  6. Арфа
  7. Үрмелі аспаптар (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, флейта, кларнет және т.б.).  ________________________________________________________________
  1. Халық аспаптары  (қалауы бойынша нақты аспапты көрсетуге болады, мысалы, домбра, кобыз, баян және т.б). _________________________________________________________
  • Интернатта тұру жағдайымен танысқыңыз келеді ме?             Иә    Жоқ

                                                                                          (қажеттінің астын сызу)

  • Алматыға келу жоспарланған күн және Алматыдан кету күні (егер билеттер алдын ала сатып алынған болса, кету күні мен уақытын көрсеткен жөн)

       _____________________________________________________________                    

       (Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келетін үміткерлер үшін)         

                                                

 

Күні       _____________

 

Қолы     _____________