Биыл 2021 жылдың қаңтар айында мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ереже бекітіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтартарын анықтауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған көптеген іс-шаралар  іске асырылды. Бұл бастама ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен іске асырылып жатқан жоба. 2021 жылдың 26 мамыр айы мен 02 маусым айы аралығында мектебімізде оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау конкурсы өткізіліп, байқаудың ІІІ кезеңіне де  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі – Сақтағанова Айгүл Әбдіғапбарқызы қатысты. Байқау кезінде ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, конкурс талаптарға сай өткізілді. Қабылдау шаралары жоғары деңгейде жүргізіліп, қоғамда оң пікір қалыптасты. Бұл біз үшін үлкен жетістік. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілінің жұмыс жүргізуі жоғары бағаланды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылығына байқаудың әділ өтуіне септігін тигізіп, көрсеткен үлкен көмектері үшін өз алғысымызды білдіреміз және жұмыстарына үлкен табыстар тілейміз.


    You Tube

    Facebook

    Instagram