Мектеп директоры - Әбдірашев Бақтияр Төлепбергенұлы, 1972 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатын бітірді. 1990 жылдан 1992 жылға дейін мерзімді әскери қызметін өтеді.

1992 жылдан 1997 жылға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алды. 1999 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ассистентура-тағылымдамасын бітірді. 2001-2004 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған (сырттай оқу бөлімі).

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі қызметінен бастаған. 2000 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оркестр факультетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының оқытушысы қызметіне ауысты. 2003 жылдан бастап оркестр факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Аспаптық орындаушылық факультетінің деканы болып тағайындалды. 2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры лауазымына тағайындалды.

«ҚР Мәдениет қайраткері» және «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, «А.Байтұрсынов атындағы күміс медалімен», «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған  және «Жоғары кәсіби білім беру саласындағы үздік менеджер» куәлігінің иегері.

Отбасы құрған, үш бала тәрбиелеп отыр.

 

 

Директордың музыка жөніндегі орынбасары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері – Юсупова Светлана Омаровна

 

Директордың оқу жөніндегі орынбасары, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» , «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері – Мусрепова Меруерт Сейсеновна

 

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, «Мәдениет саласының үздігі» – Ахметова Сауле Накеновна

  •  

 

 

 

You Tube

Facebook

Instagram